Алғашқы теңге дизайнері Тимур Сүлейменов қайтыс болды - kaz.caravan.kz
  • $ 448.89
  • 477.93
+17 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алғашқы теңге дизайнері Тимур Сүлейменов қайтыс болды

Алғашқы теңге дизайнері Тимур Сүлейменов қайтыс болды

Дизайнер, архитектор Тимур Сүлейменов қайтыс болды. Ақпаратты Сәулет және қала құрылысы басқармасы басшысының орынбасары Алмасхан Ахметжанов растады.

  • 10 Мамыр 2018
  • 72
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Tengrinews.kz сайты хабарлайды. 

Тимур Сүлейменов 10 мамыр күні таңертеңгі уақытта созылмалы ауру салдарынан қайтыс болған.

Ол 1943 жылы 14 ақпанда Оңтүстік Қазақстан облысының Қарабулақ ауылында туған. Ленинград құрылыс-инженерлік институтын (1965); В.И. Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтын (1970) бітірген, сәулетші. Қазақ бас сәулет-құрылыс академиясының құрметті профессоры. Халықаралық өнер академиясының академигі. ҚР Көркемөнер академиясының құрметті академигі. Қазақстандық дизайн мектебінің негізін салушы. Алматы облысындағы «Черкасск қорғанысының батырларына» мемориалдық кешенінің; Түркістан қаласын қайта құру және тарихи-мәдени туристік орталыққа айналдыру жобасының авторы.

Шымкент және Жаңатас қалаларын салудың бас жоспарларын әзірлеуге, Түркістан қаласының тарихи аймағын қалпына келтіруге, Қ.А. Яассауи кесенесі айналасындағы тарихи аймақты қайта құру жобасына қатысқан. «ҚР республикалық стилі» кешенді мемлекеттік дизайн-бағдарламасының бастаушысы; ұлттық валюта дизайнын жасау, бейнелемені жобалау, республикалық гвардияның салтанатты және күнделікті киім түрлерін жобалау, ҚР Қарулы Күштері дизайн-бағдарламаларын жасау, т.б. топтарының жетекшісі. Астана қаласындағы саяси жазалау шаралары құрбандарына арналған мемориалдың және «Атамекен» этно-мемориалдық саябағының, Аңырақай шайқасындағы қазақ халқының жоңғарларды жеңуіне арналған монументтің тең авторы; Мәскеу қаласындағы Абайға ескерткіштің авторы және оны салған ұжымның жетекшісі.

ҚР Жоғарғы Кеңесі 12-ші шақырылымының депутаты. «Бәйтерек» республикалық сыйлығының лауреаты. Үйленген. Жұбайы — Сүлейменова Надежда Викторовна (1955 ж. т.), «ДАРТ» ЖШС менеджері. Қызы — Сүлейменова Сәуле Тимурқызы (1970 г. p.); ұлы — Сүлейменов Тамерлан Тимурұлы (1990 ж. т.). 2 немересі бар.


Оқи отырыңыз:

Танымал актер Рахман Омар екінші некедегі әйелінен ұлды болды

Қазақтарды маймылға теңеген орыс жігітін қазақ жігіттері іздеп жатыр

Нұржан Керменбаев енді КешYou-дің бұрынғы әншісімен бірге

 

Соңғы жаңалықтар