Алғашқы тоқсанда Қазақстанның сыртқы борышы 0,4 миллиард долларға азайды - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+9 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алғашқы тоқсанда Қазақстанның сыртқы борышы 0,4 миллиард долларға азайды

Алғашқы тоқсанда Қазақстанның сыртқы борышы 0,4 миллиард долларға азайды

Алғашқы тоқсанда екінші деңгейдегі банктердің және Қазақстан даму банкінің жиынтық сыртқы борышы 0,4 миллиард долларға азайды.

  • 5 Шiлде 2011
  • 543
Фото - Caravan.kz

Бұл Ұлттық банк төрағасы Григорий Марченконың бүгін Алматыда өткізген баспасөз мәслихатында айтылды.

Бас банкирдің айтуынша, алғашқы тоқсанда сыртқы борыштық міндеттемелер мемлекеттік секторда 2,5 миллиард, ал басқа секторларда 2,8 миллиард долларға өсті. Басқа секторлардағы сыртқы борыштардың өсуі негізінен фирмааралық берешектің (2 миллиард доллар) есебінен орын алды. Үкімет пен Ұлттық банк кіретін мемлекеттік сектордың сыртқы борышының өсуі негізінен Ұлттық банктің резидент еместердің қолындағы қысқа мерзімді ноттары көлемінің көбеюіне байланысты болды.

30 наурыздағы жағдай бойынша республиканың жалпы сыртқы борышы 124,2 миллиард долларды құрады. Оның 7,3 миллиарды (5,9 пайыз) мемлекеттік сектордың, 55,2 миллиарды (44,5 пайыз) фирмааралық берешек, 19,6 миллиарды (15,8 пайыз) банк секторына тиесілі.

Соңғы жаңалықтар