"Әлі ешкім келмеді, біз қазірден бастап маңырап жатырмыз": Танымал блогер астаналықтарды әуреге салған көшпенділер ойыны туралы - kaz.caravan.kz
  • $ 479.38
  • 531.63
+24 °C
Алматы
2024 Жыл
16 Қыркүйек
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Әлі ешкім келмеді, біз қазірден бастап маңырап жатырмыз": Танымал блогер астаналықтарды әуреге салған көшпенділер ойыны туралы

"Әлі ешкім келмеді, біз қазірден бастап маңырап жатырмыз": Танымал блогер астаналықтарды әуреге салған көшпенділер ойыны туралы

Танымал блогер, көпке түрлі әзіл-шыны аралас видеоларымен танылған Алексей Лодочников Астанадағы көшпенділер ойынына қатысты кептелісті сынады.

  • 6 Қыркүйек
  • 193
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Блогер бұл жөнінде өзінің желідегі парақшасында мәлімдеді.

«Не болып жатыр? Ойындар басталмай жатып, қараңыздар қандай кептеліс? Әлі ешкім келген жоқ, қазірден бастап маңырап жатырмыз. Ертең олар келгенде не істейміз? Шұғыл түрде бәрімізді қашықтан жіберу керек. Өткенде ШОС болғанда бәрімізді удаленкаға жіберді, ол кезде 10 ел ғана келді, осы жолы 80  ел келеді. Қашықтан жұмыс істеуге жіберіңіздер», — деп әзіл-шыны аралас видео жолдады блогер.

Айта кетейік, келесі аптада Астанада дүниежүзілік көшпенділер ойыны басталады.