Қазір оны Алматыдағы мониторингтік топтардың бірі тексеріп жатыр, — деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Видеоға қарағанда мерекелік іс-шара Қазақстанның халық әртісі Нағима Есқалиеваның ұлы әнші Диас Аблаевтың туған күніне орай ұйымдастырылғанын аңғаруға болады. Шараға қатысушылар арасында Әли Оқапов, Индира Еділбаева және бірнеше Instagram-блогер бар.
Ресми ведомство өкілдерінің мәліметінше, Алматының мониторингтік тобы қазір бұл деректі зерттеп жатыр.
"Видео бақылау тобына жіберілді. Іс-шара қай жерде өткенін анықтаймыз", — деді Алматы қаласы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің орынбасары Сәдуақас Байғабылов.
Бұған дейін Роза Рымбаева мен Сәкен Майғазиетің тойдағы видеосы тексерілген болтын. Ұйымдастырушылар мен әртістер жазалануы мүмкін екені хабарланған.