Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.
Әлеуметтік желіде қуанышты жаңалығымен бөліскен Ақерке Бүркітбай күйеуіне алғыс білдірді. Өнер иесі желідегі парақшасында ұлы Зейінмен және су жаңа темір тұлпармен түскен суретін жариялады.
“Қуанышты сәтіммен сіздермен де бөліскім келеді. Бүгін осындай ерекше сыйлыққа ие болдым. Көп нәрсе жазғым келеді, бірақ барлығын жеке айтуды жөн көрдім! Рахмет саған менің қолдаушым, қорғаным”, – деп жазды әнші.
Желі қолданушылары да құтты болсын айтып, жылы лебіздерін арнады.
“Қандай керемет! Бақытты болыңыздар”, “Тұлпарың құтты болсын”, “Әли, жарайсың”, “Сендей аруға лайық сыйлық екен”, “Игілігіңе мін”, “Қуанышыңыз құтты болсын”, – деп ақжарма тілектерін жазып қалдырды.
Бұған дейін Роза Рымбаева тұңғыш немересінің қырқынан шығарып, бесіктойын жасаған болатын.