«Әлі сене алмай тұрмыз»: Төреғали Төреәлінің қарындасы мен күйеуі жесір әйел мен балаларына су жаңа үй сыйлады (ВИДЕО) - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-7 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Әлі сене алмай тұрмыз»: Төреғали Төреәлінің қарындасы мен күйеуі жесір әйел мен балаларына су жаңа үй сыйлады (ВИДЕО)

«Әлі сене алмай тұрмыз»: Төреғали Төреәлінің қарындасы мен күйеуі жесір әйел мен балаларына су жаңа үй сыйлады (ВИДЕО)

Эстрада жұлдызы Төреғали Төреәлінің қарындасы, танымал блогер Фариза Төреәлі мен жолдасы қиын жағдайда қалған отбасыға үй сыйлады.

  • 31 Наурыз 2023
  • 287
Фото - Caravan.kz

Мұндай жаңалығымен белгілі блогер өзінің желідегі парақшасында бөлісті, деп хабарлайды Caravan.kz.

Фариза Төреәлі мен оның жолдасы желіде қандай сезімде тұрғанадарын да жеткізген.

«Алланың қалауымен ешқандай сбор жасаған жоқпыз, Алланың қалауымен мұқтаж отбасыға, жалғызбасты анаға үлкен қуаныш сыйлағалы отырмыз, үй алып беріп жатырмыз. Осыған жеткізген Аллаға мың да бір шүкір дейміз. Қазір ол кісі келеді, біз күтіп тұрмыз. Сене алмаймыз, осының бәрі болып жатқанына», — дейді Фариза Төреәлі мен оның жұбайы.

Желі қолданушылары Рамазан айындағы мұндайы қайырымдыдық іске риза болған. Олар: «Жарайсыздар, ниеттеріңіз қабыл болсын», «Мықтысыздар, Алладан сауап жинаңыздар», «Өте қуаныштымын, мына кісіні көріп бір жылап алдым», «Алла разы болсын сіздерге, жетімдер жыламасын» деп жазды олар.