Әлі-ақ ұлды боласың: Бақытбек Есентаевтың қарындасы түрмедегі ағасын туған күнімен құттықтады - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Әлі-ақ ұлды боласың: Бақытбек Есентаевтың қарындасы түрмедегі ағасын туған күнімен құттықтады

Әлі-ақ ұлды боласың: Бақытбек Есентаевтың қарындасы түрмедегі ағасын туған күнімен құттықтады

Бүгін – 28 мамыр. Баян Алагөзованың бұрынғы күйеуі Бақытбек Есентаевтың туған күні.

  • 28 Мамыр 2018
  • 163
Фото - Caravan.kz

Ағасының жекеменшік мерекесіне орай қарындасы Нағима Есентаева желідегі парақшасына жазба қалдырды.

Бұрынғы жеңгесінің қытығына тигісі келді ме екен, қарындасы ағасының алдағы уақытта нағыз бақытын кезіктеретінін жиі айтады. Бұл жолы тіпті, Баян бере алмаған ұлды болу бақытын басқа әйел сыйлайтынын жазып, ағасына үміт сыйлады.  

«Бүгін сен өмірге келген мамыражай мамырдың шуақты күні ағатайым менің! Алдағы өмірің мәнді де сәнді, ғұмырың ұзақ болсын асқар таудай ағатайым менің. Мен саған сенемін, сенің әлі алар белестерің көп, бақытты күндерің алда. Алла қаласа ат байлар ұлды да боласың! Сен асқақ арманы бар, мейірімге толы жүрегің кең, пейілі таза, ниеті түзу, ақ көңілділігіңмен маңайындағы жандарға жақсылық сыйлаған жансың, алтыным менің. Туылған күнің құтты болсын!» – деген Нағима Есентаева ақ тілегін «Бауыр керек» өлеңімен жалғады.

Еске сала кетейік, осыдан 2 жыл бұрын Баян Алагөзова күйеуінің көзіне шөп салғаны үшін Бақытбек Есентаевтан оңбай таяқ жеген. Қазір Есентаев жасаған қылмысы үшін жазасын өтеп жатыр.


 

 

 

Соңғы жаңалықтар