Әлібек Омаров бильярд үшсайысы бойынша Қазақстанның абсолютті чемпионы атанды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+4 °C
Алматы
2024 Жыл
27 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Әлібек Омаров бильярд үшсайысы бойынша Қазақстанның абсолютті чемпионы атанды

Әлібек Омаров бильярд үшсайысы бойынша Қазақстанның абсолютті чемпионы атанды

Қарағандылық Әлібек Омаров бильярд үшсайысы бойынша Қазақстанның абсолютті чемпионы атағын жеңіп алды. Жүлделі екінші орынға тараздық Максим Пан табан тіресе, қола медаль аралас пирамидадан әлем чемпионы алматылық шебер Ернар Шымбаевқа бұйырды.  

  • 10 Қараша 2012
  • 451
Фото - Caravan.kz

Футболдан еуропа лигасы аясында италияның “Наполи” клубы өз алаңында украиналық “Днепрді” қабылдады.

Алғашқы үш турдан кейін 9 ұпай еншілеген украиналықтар Ғ-тобында жеке дара көш бастап тұр. Алайда “Днепр” футболшылары үшін италиядағы бәсеке сәтсіз басталды. Матчтың 7-минутында уругвайлық легионер Эдинсон Кавани алаң иелелерін алға шығарған. Бірақ көп ұзамай Артем Федецкий таразы басын теңестірсе, Роман Зозуля есепті 2:1 ге жеткізді. Өз жанкүйерлері алдында намысқа тырысқан италиялықтар жауапты ұзақ күттірмеді. Шабуылда шебер ойнаған Кавани қонақтар қақпасына үш доп тоғытты. Қорытынды есеп 4:2 “Наполидың” пайдасында. Бұл топтағы өзге кездесуде “АИК” өз алаңында “ПСВ”-ны 1:0 есебімен жеңді.        

“Астана” мен “Ертіс” финалда. Қарашаның 11 күні футболдан Қазақстан кубогының иегерін білетін боламыз. Қос клуб та ақтық бәсекеге шығу үшін аянып қалмады.

Павлодарлықтар жартылай финалда “Ақтөбенің” алдын ораса, астаналық клуб ел чемпионы “Шахтерды” жеңген болатын. “Астана-Арена” стадионында соңғы жаттығуларын пысықтап жатқан “Ертіс” ел біріншілігінде екінші орынға табан тіреген. Енді алда жаңа меже. Екі команда да кубоктық матчқа тас түйін дайын. Десе де “Астана” сапында Кристиан Бодионг жарақатына байланысты финалда жасыл алаңға шықпайды. Сондай-ақ, Виктор Дмитренконың да ойынға араласуы екіталай. “Астана” мен “Ертіс” арасындағы финалдық матч жексенбі күні кешкі сағат 17:00-де Астана Арена стадионында өтеді. Келем деушілерге есік ашық.     

Ертең Литва астанасында  аралас жекпе-жектің  бушидо тұжырымы бойынша кезекті әлемдік турнир  өтеді. Бұл жолы ұрыс алаңына Литва  мен  Дүние жүзінің құрама командалары сайысқа шығады. Вильнюстегі матчтық кездесуге аса ауыр салмақ дәрежесінде табысты өнер көрсетіп жүрген жерлесіміз Төлеген Ақылбеков  шақыру алыпты. 

Астана төрінде  К-1 және басқа да жекпе-жек түрлерінен әлемдегі танымал сарбаздардың бірі Боб Саппты  сұлатып салған  Төлеген Ақылбековке көз сала бастаған  сыңайлы.  Литва мен өтетін матчтық бәсекеге  Әлем құрамасы өз қатарына басқа емес қазақтың «Атилласын» шақырыпты.  Бұл біз үшін үлкен құрмет.  Сенбідегі сайыс кешінде  Төлеген Ақылбековке,  аралас жекпе-жектен әлемдік Гран-Придің иегері, Литваның бетке ұстар майталманы Никита Петровас қарсы тұрады.  Дүние жүзінің құрамасы  Англия, Ресей, Латвия, Германия, Польша секілді аралас жекпе-жек өнері дамыған елдің ұландарынан жасақталған. Екінші жаңалығымыз  9-желтоқсан күні Төлеген Ақылбеков, есімі ерекше аталып жүрген тау халқының тарланы Мәлік Магомедовпен кездеспек.  Мәлік осы жылы  әлемнің бірнеше дүркін чемпионы Александр Емельяненконы 23 секунд дегенде еденге ұрып жыққан болатын. Бұл жекпе-жек Достастық кубогы  турнирі кезінде өтеді. 


Екінші айналымда испандық теннисші Давид Феррерге ешқандай мүмкіндік қалдырмаған Роджер Федерер, қорытынды жарыстың жартылай финалына жолдама алды.

Ә дегеннен  ойынға белсене кіріскен Феррер алғашқы сетте  3:0 есебімен алға шығып үлгерген. Бірақ испаниялық теннисшінің қарқыны  көп ұзамай басылып қалды. Біртіндеп ойын тізгінін өз қолына алған әлемнің екінші ракеткасы одан әрі қарсыласына дес бермеді. Бірінші сетті 6:3 есебімен ұтқан Федеррер, тай-брейкке ұласқан келесі кезең де де үздік шықты. Осы топтан табылған  аргентиналық Хуан Мартин дель Потро  мен серб Янко Типсеревич арасындағы матч, латын америкалық теннисшінің айқын жеңісімен аяқталды. Мұндағы ойын нәтижесі 6:0, 6:4. Аргентиналық шебер жарыстың жартылай финалына  шығу үшін соңғы турда Роджер Федерерді ұтуы тиіс. Басқаша жағдай да оның жарысты жалғастыруы екіталай.

Соңғы жаңалықтар