Алик Шпекбаев қызметінен босатылды - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алик Шпекбаев қызметінен босатылды

Алик Шпекбаев қызметінен босатылды

 

  • 16 Сәуiр 2021
  • 163
Фото - Caravan.kz

Мемлекет басшысының Жарлығымен Шпекбаев Алик Жатқамбайұлы Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) төрағасы қызметінен босатылды, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы zakon.kz-ке сілтеме жасап.

"Мемлекет басшысының Жарлығымен Алик Жатқамбайұлы Шпекбаев Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) төрағасы лауазымынан босатылды", делінген Ақорда жариялаған Қаулыда.

Алик Шпекбаев 1957 жылы 4 шілдеде Алматы облысы Қаскелең ауданының Абай ауылында туған.

Білімі:

КСРО ІІМ Шымкент орта арнайы мектебін (1980); КСРО ІІМ Қарағанды жоғары мектебін (1987) заңгер мамандығы бойынша; РФ ІІМ академиясын (1993) бітірген. Заң ғылымдарының кандидаты (2005). Кандидаттық диссертациясының тақырыбы: "Ұйымдасқан қылмыспен және экстремисттермен (лаңкестермен) күрестегі Орта Азия елдерінің ішкі істері органдарының өзара әрекеттесу мәселелері". "Өлім жазасын жою мәселелері бойынша Қазақстан Республикасындағы халықаралық нормалар мен стандарттардың имплементациясы мәселелері" монографиясының, қоғамдық тәртіпті сақтау және қылмысқа қарсы күрес мәселелері бойынша 50-ден астам мақаланың, сұхбаттар мен басқа да жарияланымдардың авторы. 1975 жылдан — Кеңес Әскерінің қатарында қызметте.

Еңбек жолы:

1977 жылдан — Каменск ҚЖМК слесарі.

1980 жылдан — Алматы облыстық атқару комитетінің ІІБ ЕТК-71 жедел белімінің отряд бастығы, инспекторы, СИ-1 жедел бөлімінің инспекторы.

1984 жылдан — Алматы облысы Қаскелең АІІБ ҚІБ жедел екілі, аға жедел өкілі.


1988 жылдан — Қаскелең ауылдық милиция белімінің бастығы. 1989 жылдан — Апматы облысының Балқаш АІІБ бастығы.

1992 жылдан — Алматы облыстық ІІБ Криминалдық милиция басқармасының бастығы, ҚІБ бастығы.

1994 жылдан — Апматы облысының ҚаскелеңАІІБ бастығы.

1995жылдан — Апматы облысы бойынша МТКБ бастығының орынбасары, Апматы облысы бойынша МТКД Аса қауіпті қылмыстарды тергеу басқармасының бастығы.

1997 жылдан — ҚР ІІМ ¥йымдасқан қылмысқа қарсы күрес бас басқармасында басқарма бастығы, ¥йымдасқан қылмысқа қарсы күрес бас басқармасы бастығының орынбасары,

1998 жылдан- ҚР ІІМ Криминалдық полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары.

2000 жылдан — Алматы облыстық ІІББ бастығы.

2003 жылдан — ҚР ішкі істер вице-министрі.

2008 жылдың қараша айынан бері — ҚР Президенті Әкімшілігіндегі құқық қорғау жүйесі бөлімінің меңгерушісі.

2015-2015 жылдары — ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары;

2016 жылдың қаңтарынан қыркүйегіне дейін — ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы төрағасының орынбасары;

2016-2017 жылдары — ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары;

2017-2019 жылдары ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы;

2019 жылдың маусым айынан бастап ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы.

Соңғы жаңалықтар