Айтуларынша, ақшаны балаға емес, өз керегіне жұмсайтындар бар екен, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
Аталмыш жобаны «Неке және отбасы туралы» кодекске енгізіп, ай сайын жазбаша есеп беруді міндеттеу керегін айтты.
«Заң бойынша алимент балалардың қажетіне, олардың оқуына, түрлі үйірмелерге жұмсалуы тиіс. Бірақ бұл қаражатты балаға емес, алушы тарап өздеріне жұмсайтын жағдайлар жиі кездеседі. Мысалы, бала ақылы балабақшаға немесе үйірмеге бармайды. Керісінше анасы жеке қажеттіліктерін алып, тіпті, шетелде демалатындар бар», — деді қауымдастық өкілі.
Заңгер Альбина Бақтиярқызы неке және отбасы туралы кодекске сәйкес, ата-ана ақшаның қайда жұмсалғанын білуге құқығы бар екенін айтады.