Алимент төлемеген әкелердің көлігі айыппұл тұрағына қойылды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алимент төлемеген әкелердің көлігі айыппұл тұрағына қойылды

Алимент төлемеген әкелердің көлігі айыппұл тұрағына қойылды

Мамандардың айтуынша, алимент төлемегендердің темір тұлпарлары қарыздарын төлемегенше, айыппұл тұрағына қойылады. Жергілікті полиция қызметінің инспекторы Медет Қайырбековтің мәліметінше, бүгінгі күнге дейін арнайы рейд барысында 10-нан астам азамат тоқтатылып, жеңіл машиналар тұрақтарға жеткізілген. Мамандардың есептеуінше, олардың берешектері 5 млн теңгеден асып жығылады.

«Бұл бағыттағы жұмыс облыс әкімінің тапсырмасымен жүзеге асырылуда. Қазіргі уақытқа дейін 40-қа жуық көлікке іздеу салынған. Олардың барлығы борышкер әкелердің иелігінде. Алименттерді ө?

  • 26 Ақпан 2019
  • 31
Фото - Caravan.kz

«Бұл бағыттағы жұмыс облыс әкімінің тапсырмасымен жүзеге асырылуда. Қазіргі уақытқа дейін 40-қа жуық көлікке іздеу салынған. Олардың барлығы борышкер әкелердің иелігінде. Алименттерді өндіру жұмыстары жалғасын таба бермек», — дейді Медет Қайырбеков.

Облыстық әділет департаменті өкілдерінің мәліметінше, бүгінде жеке сот орындаушылардың қолында алименттерді өндіру бойынша 11 154 астам құжат бар. Қара тізімдегі борйвшкерлердің 2%-ы әйелдер болып табылады.

«Үстіміздегы жылдың ақпан айының ортасынан бері алимент төлемей жүргендердің тізімі жаңаланып жатыр. Қазіргі уақытта сот орындаушылардың қолында проблемалы санатқа жататын 1200 азаматқа қатысты құжат бар. Олар үш ай не одан да көп мерзім бойы алимент төлемеген. Оларға қатысты жазалау шараларын жүргізу қиын. Себебі, бұл тұлғалардың иелігінде не жылжымайтын, не жылжымалы мүлік жоқ. Көбінесе әкімшілік жауапкершілікке тарту шаралары қолға алынып жатады. Алдағы уақытта борышкерлермен күресу мақсатында машиналары бар тұрғындардың көлік куәліктерін тартып салу мәселесін қарастырып жатырмыз», — дейді облыстық әділет департаменті басшысының орынбасары Шынар Тавлютова.

Рейдік шараның алғашқы күні төрт борышкердік көлігі айыппұл тұрағына қойылған. Олардың бірі 520 мың көлеміндегі қарызын шұғы түрде өтеген.


Соңғы жаңалықтар