Алимент төлемеу үшін тұрғылықты жерін жасыратындар баршылық - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алимент төлемеу үшін тұрғылықты жерін жасыратындар баршылық

Алимент төлемеу үшін тұрғылықты жерін жасыратындар баршылық

Алимент өндірудегі басты мәселе - борышкерлердің алимент төлемеу үшін тұрғылықты жерін жасыратынына байланысты болуда.

  • 20 Қараша 2012
  • 538
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Қарағанды облысы Сот актілерін орындау департаментінің баспасөз қызметі хабарлап отыр.

«Қоғамымызда алимент төлемеу өте жиі кездеседі. Аталмыш мәселені шешуде бірінші кезекте бала құқығы мен мүддесі ескерілуі қажет. Жыл басынан бері аумақтық бөлімдерде алимент өндіру бойынша 21 157 атқарушылық құжат орындауда болды, бұл саптай тізілген сандар терең ойға түсіретіні сөзсіз. Көрсетілген деректе тек 1408 атқарушылық құжат бойынша борышкерлермен ерікті өтеледі. Толық емес отбасы, балаларын асырап, тұрмыс тауқыметін тартып келе жатқан жалғызбасты аналар бас ауруына айналған мәселе десе де болады»,-делінген Қарағанды облысы Сот актілерін орындау департаментінің мәліметтерінде.

Алимент өндірудегі басты мәселе — борышкерлердің кедейшілікте өмір сүріп жатқандығы емес, алимент төлемеу үшін тұрғылықты жері мен қызмет атқаратын мекемесін жасыратыны болып табылады. Алимент төлеуші әкелер көбіне «жасырын жалақы» алып, туған балаларының есеп-шотына тиын-тебен ғана аударады.

«Ата-аналардың арасында еңбекке жарамсыз деп танылған жандардың қатары баршылық, үстіміздегі жылдың 10 айының ішінде мұндай жандардың саны 66-ға артты. Қазіргі таңда 4543 алимент өндіру бойынша атқарушылық құжат негізінде борышкерлердің жалақысынан ұсталып өндірілсе, 170 рет елімізден тыс жерлерге шығуға тыйым салу шарасы қолданылды. Бала тәрбиелеп отырған жалғызбасты жандар әлеуметтік жағынан қорғансыздар санатына жататындықтан алимент өндіру мәселесін жеделдетіп шешу қажет»,-деп жазылған аталған өңірдегі департаменттің деректерінде.

Соңғы жаңалықтар