"Алименттің ақшасына өскен бала әкесі қартайған кезде оны бағуға міндетті" - журналист Ербол Мәндібек - kaz.caravan.kz
  • $ 514.31
  • 603.03
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
18 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Алименттің ақшасына өскен бала әкесі қартайған кезде оны бағуға міндетті" - журналист Ербол Мәндібек

"Алименттің ақшасына өскен бала әкесі қартайған кезде оны бағуға міндетті" - журналист Ербол Мәндібек

Журналист Ербол Мәндібек алимент туралы сөз қозғады.

  • 18 Желтоқсан
  • 6
Sn.kz

Бұл туралы ол Facebook желісіндегі парақшасында жазды, — деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

«Мына жаңалықты бірінші рет естідім. Алименттің ақшасына өскен бала әкесі қартайған кезде оны бағуға міндетті екен. Бұл әңгімені кеше қонақта отырғанда естідім.

Бір кісі жас кезінде әйелімен ажырасыпты. Балалары 18 жасқа толғанша тоқтаусыз алимент төлеп келген. Содан әлгі кісі күші сарқылып зейнет жасына жетеді. Күн көрісі қиындаған.

Бір кездері алдап-сулап басын айналдырып алған жас қатыны (тоқалы) орта жолда лақтырып кеткен. Не істемек керек?

Әлгі кісі балаларын есіне алады.

«Осылар өскенше алимент беріп мен бақтым, енді мені бақсын»,-деген ой келеді.

Сөйтіп балаларының үстінен сотқа арыз түсіреді. Нақтысын білмеймін, бірақ сот әлгі шалдың балаларын әкесін бағуға міндеттепті мыс», — деп жазды журналист.

Перейти к новостям спорта