Әлия Әбекенованың «Наурыз мейрамына» арналған «Ән гәккуі» атты жеке концерті өтеді - kaz.caravan.kz
  • $ 489.17
  • 576.63
+6 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Әлия Әбекенованың «Наурыз мейрамына» арналған «Ән гәккуі» атты жеке концерті өтеді

Әлия Әбекенованың «Наурыз мейрамына» арналған «Ән гәккуі» атты жеке концерті өтеді

22 наурызда Астанадағы «Қазақстан» орталық концерт залында қазақстандық жас әнші Әлия Әбекенованың «Ән гәккуі» атты жеке концерті өтеді, деп хабарлады «МедиаБәйтерек» баспасөз қызметі.

  • 19 Наурыз 2013
  • 620
Фото - Caravan.kz

Оған сондай-ақ Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Майра Ілиясова, «Тарту» тобы, орындаушы Ләззат Жанаманова, әжелер хоры, «Терра» би ұжымы қатысады. Концерт көктем мерекесі — Наурыз мейрамына арналып отыр.

Әлия көрермен қауымға фольклорлық ән жанрындағы шығармаларды ұсынады. Оның репертуарында белгілі халық әндері бар. Оның «Өмірге сауал», «Өкініш тамшылары» сияқты композициялары көрермен көзайымына айналды.