Әлия Назарбаева дүниеге тағы бір қыз әкелді - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Әлия Назарбаева дүниеге тағы бір қыз әкелді

Әлия Назарбаева дүниеге тағы бір қыз әкелді

Өткен дүйсенбі күні Әлия Назарбаева – Қазақстан президентінің кіші қызы дүниеге тағы бір қыз әкелді. Бұл туралы ҚазТАГ-қа ақпаратқа қанық дереккөзден белгілі болды.

  • 20 Шiлде 2011
  • 1282
Фото - Caravan.kz

«Өткен дүйсенбіде Әлия дүниеге тағы бір қыз әкелді», — деп хабарлады дереккөз.

31жастағы Әлия –Нұрсұлтан Назарбаевтың кіші қызы. 18 жасында Қырғызстан президентінің ұлы Айдар Ақаевқа тұрмысқа шыққан, бірақ көп ұзамай ажырасып кетті. Кейін Әлия қазақстандық Данияр Хасеновпен отау құрып, 2007 жылы екеуінің шаңырағында Тиара есімді сәби дүниеге келді.

Еске сала кетейік, жаңа туған сәби – Н. Назарбаевтың 5-ші немересі. Ең үлкен немересі — Венера Әлиева, одан кейін Дениз Құлыбаева, Тиара Хасенова және Алиша Құлыбаева.

Ә. Назарбаева Алматыда Қазақстан компартиясының ОК хатшысының отбасында дүниеге келді, К. Бәйсейітова ат. республикалық музыка мектебін фортепиано сыныбы бойынша бітірген, Швейцариядағы колледж бен Қазақ мемлекеттік заң академиясын «юриспруденция» мамандығы бойынша тәмамдаған.

Кезінде «Еуропа плюс» радиосы директорының көмекшісі, «Тұран Әлем» банкінің заң департаментінің стажеры, Қазақстан президенті әкімшілігінің жалпы бөлімінің консультанты, «Алматыфарм» корпорациясының президенті, «Caspian Indutries Ltd» ЖШС бас директоры, «Элитстрой» ЖШС директорлар кеңесінің төрайымы болған. Соңғы уақытта Damiani зергерлік үйінің брендімен өзінің Alsara атты зергерлік бұйымдарының желісін ұсынып келді.

Әлия теннис ойнайды, аэробикамен айналысады, атқа мініп, шаңғы тебуді, жүзуді ұнатады.

Соңғы жаңалықтар