Жарияланды: 1300

Әлия Юсупова 12.12.12-де ұл туды

Әлия Юсупова 12.12.12-де ұл туды

Қазақстан көркем гимнастикасының «ханшайымы» Әлия Юсупова құттықтауларды қабылдауда, ол ұлды болды.

Бұл туралы «Экспресс К» газетінде шыққан «Алия Юсупова отработала обязательную программу» атты мақалада (автор - Ирина Галушко, № 232 (17590) жазылды. Сәби 12 желтоқсанға қараған түні дүние есігін ашты. Шақалақтың салмағы 3,5 келі, бойы 51 см. Бақытқа бөленген отағасының (Әлияның жұбайы Нұржан) сөзіне қарағанда, Әлия мен сәбидің жағдайлары жақсы. Сәбиге Нұрәлі деген есім берілді. Бүгін Әлия ауруханадан шығады. Дүниеге келген жаңа сәби Әлия мен Нұржанның екінші қуаныштары. 2010 жылдың қыркүйек айында олардың Әмина есімді қыздары дүниеге келген болатын.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін