"Алқабилердің бейнесін тарату сотқа қысым көрсету ретінде танылады": Жоғарғы Сот Бишімбаевтың ісі бойынша мәлімдеме жасады - kaz.caravan.kz
  • $ 480.61
  • 534.53
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
16 Қыркүйек
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Алқабилердің бейнесін тарату сотқа қысым көрсету ретінде танылады": Жоғарғы Сот Бишімбаевтың ісі бойынша мәлімдеме жасады

"Алқабилердің бейнесін тарату сотқа қысым көрсету ретінде танылады": Жоғарғы Сот Бишімбаевтың ісі бойынша мәлімдеме жасады

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының ресми өкілі Ерлан Ахмеджанов Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша алқабилердің бейнелерін БАҚ-та тарату бойынша мәлімдеме жасады.

  • 10 Сәуiр
  • 156
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

“Жоғарғы сот бұқаралық ақпарат құралдарында Бишімбаев пен Байжанбаевтың ісі бойынша алқабилердің бейнелерін жариялауына байланысты келесіне хабарлайды:

Процесс барысында іс бойынша төрағалық етуші алқабилер алқасының фото және бейнежазбаға түсуіне, сондай-ақ олардың бейнелерін таратуға тыйым салу туралы бірнеше рет ескертті. Тыйым алқабилерге қысым көрсетуге мүмкіндігін болдырмас үшін белгіленген. Бұл түйінді бұзу сотқа қысым көрсету әрекеті ретінде танылады. Бұқаралық ақпарат құралдарының сотқа ықпал етуі белгіленген жауаптылыққа әкеп соғады. Осыған орай, БАҚ туралы заңға сәйкес бұқаралық ақпарт құралдарының меншік иесі, таратушысы, бас редакторы, сондай-ақ таратылған материалдардың авторлары жазаға тартылады. Осыған байланысты сот кінәлі адамдарды әкімшілік жауаптылыққа тарту рәсімін бастады. Іс бойынша төрағалық етуші жарияланған материалдарды алып тастауды міндеттеді. Сонымен қатар, оларды таратуға тыйым салды. Мұндай фактілерді болдырмау мақсатында БАҚ өкілдері сот отырысы залынан шығарылды. Азаматтарды сот төрелігін жүзеге асыру процесіне әсер ететін кез келген әрекеттерден аулақ болуға шақырамыз. Сотқа қысым көрсетудің кез келген әрекетінің жолы кесілетін болады», — деді ҚР Жоғарғы Сотының ресми өкілі.

Еске сала кетейік, бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев әйелі Салтанат Нүкенованы өлтірді деп айыпталуда. Бүгін аталған іс бойынша сегізінші сот отырысы өтуде.