«Аль-Каеда» Йемендегі АҚШ елшісін өлтірген адамға 3 келі алтын беретіндігін мәлімдеді - kaz.caravan.kz
  • $ 529.99
  • 546.63
-5 °C
Алматы
2025 Жыл
20 Қаңтар
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Аль-Каеда» Йемендегі АҚШ елшісін өлтірген адамға 3 келі алтын беретіндігін мәлімдеді

«Аль-Каеда» Йемендегі АҚШ елшісін өлтірген адамға 3 келі алтын беретіндігін мәлімдеді

«Аль-Каеда» лаңкестік тобының Йемендегі ұйымы осы елдегі АҚШ елшісі Джеральд Фейерстейнді (Gerald Feierstein) өлтірген адамға 3 келі алтын беретіндігін мәлімдеді, деп хабарлайды lenta.ru Associated Press агенттігіне сілтеме жасап.

  • 1 Қаңтар 2013
  • 424
Фото - Caravan.kz

Сонымен қатар лаңкестер Йемендегі әрбір америкалық жауынгердің басына 5 миллион риал (шамамен 23 мың доллар) тігетіндіктерін хабарлаған. «Аль-Каеда» өкілдері аталмыш шарттар алдағы алты ай бойы күшінде болады деп отыр. Олардың атап өткеніндей, осындай ұсыныс «йемендік мұсылмандарды жиһадқа рухтандырады».

Вашингтонның бағалауынша, «Араб түбегіндегі Аль-Каеда» деген атпен танымал «Аль-Каеданың» Йемендегі қызметі халықаралық террорлық желiнiң өте қауiптi ұяшықтарының бiрi болып табылады.

Топ содырлары «араб көктемі» кезінде Әли Абдулла Салехті тақтан тайдырған елдегі көтерілістен кейін, біршама күшейген. 2011 жылы терроршылар елдегі текетірестерді пайдаланып, мемлекеттің бірқатар елдімекендеріне, әсіресе Йеменнің оңтүстік бөлігіндегі жерлерге иелік етіп алды. Салех кетіп, елдегі жағдай тұрақтала бастағанда, ресми әскерлер АҚШ-тың көмегімен көптеген аудандарды қайтарды. Дегенмен лаңкестер кейбір кішігірім ауылдарда бекініп алып, үкіметтік әскерге ара-кідік шабуылдар жасап тұрады.