Бүкіл әлемнің назары Палестиналық халықта, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
Оны белсенділер мен гуманитарлық ұйымдар бастаған. Суретте босқындардың шатыры көрсетілген.
Себебі Рафах қаласында дәл қазір 1,5 миллион адам жан бағуға мәжбүр. Бұл шатырларда Израиль шабуылынан аман қалғысы келіп, үйінен кеткен палестиналықтар тұрып жатыр.
Бәрі 26 мамырда басталды. Израиль осы күні Рафахтан солтүстік-батысқа қарай ағылған жұрттың лагеріне әуе соққысын жасаған. Одан кемінде 50 адам қаза тапқан.
Израиль премьері Нетаньяху бұл «қасіретті қателік» деп мойындады. Ол тергеу жүргізіліп, себебі анықталатынын мәлімдеді.
Ал Еуроодақ оқиғадан кейін Израильмен қарым-қатынасын қайта қарайтын болды. Таяуда халықаралық сот Израиль Рафахтағы әскери әрекеттерді тоқтату керек деген шешім шығарған.