"Алла бірдемеден сақтап тұр, біздің кінәміз жоқ": Ерке Есмахан АҚШ-та өтпей қалған концертіне кім кінәлі екенін ашып айтты - kaz.caravan.kz
  • $ 504.49
  • 587.73
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
6 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Алла бірдемеден сақтап тұр, біздің кінәміз жоқ": Ерке Есмахан АҚШ-та өтпей қалған концертіне кім кінәлі екенін ашып айтты

"Алла бірдемеден сақтап тұр, біздің кінәміз жоқ": Ерке Есмахан АҚШ-та өтпей қалған концертіне кім кінәлі екенін ашып айтты

Эстрада жұлдыздары Ерке Есмахан мен Райм Бақтыгереев Америкада өтпей қалған концерттеріне қатысты мәлімдеме жасады.

  • 12 Ақпан
  • 198
Instagram/Ерке Есмахан

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Әншінің сөзінше олар бұл концертті бірнеше жыл бойы күтіп жүрген.

«Бұйырмаған Америка болды. Исламға да аяғым ауыр кезде де визамен кедергілер болып, Райм өзі барып келген еді АҚШ-қа концертімен. Одан кейін тағы виза, енді міне тағы виза шаруасы. Осымен үшінші рет жол түспеді.

Бір жағынан хайыр. Бұл жолы тағы аяғым ауыр ғой. Ал Америкаға ұшу 20 сағат. Алла бірдемеден сақтап тұрған шығар. Сабырға келіп, ақылға салып, отпускаю ситуацию. Концертке билет алған көрерменнен кешірім сұраймыз, біздің кінәміз жоқ екені факт», — деп жазды әнші.

Сонымен бірге ол ұйымдастырушылар не себепті шу шығарып жатқанын да түсіндіріп өтті.

Айтпақшы, ұйымдастырушылар заңды бұзбай ұшпағанымызға ренжулі. Бізге желтоқсан айында виза алуға бара алмадыңдар деп мін тағуда. Артист болған соң жұмыстың қызатын кезі жаңа жыл. Уақыттың еш реті келмеді, ол рас. Содан кейін біз отбасымызбен демалысқа ұшып кеттік.

Демалыстан келген соң, ұйымдастырушылар ұсынған ақпанның 5-і визаға тапсырысқа кірдік. Енді виза дұрыс берілмеді. Заң жүзінде бәрін по факту көріп тұрса да, ситуацияны қабылдай алмай отыр. Біздің де көңіліміз түсті, кетуге дайын отырған едік. Амал жоқ. Қарап отырсақ бәрінің реті табылмауы, уақыт болмауы, сәтін салмауы бір Алланың ісі екен ғой. Таңғалып отырмын, шүкір бәріне», — деп жазды Ерке Есмахан.

Айта кетейік, бұған дейін концерт ұйымдастырушылары Ерке мен Раймның телефон тұтқаларын көтермейтінін мәлімдеген еді.

Перейти к новостям спорта