«Алла өзі береді»: Астындағы қымбат көлігін сатып, екі ұлына 6 млн теңгеге аспап сатып әперген ер адам елді сүйсінтті - kaz.caravan.kz
  • $ 442.05
  • 474.14
+7 °C
Алматы
2024 Жыл
1 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Алла өзі береді»: Астындағы қымбат көлігін сатып, екі ұлына 6 млн теңгеге аспап сатып әперген ер адам елді сүйсінтті

«Алла өзі береді»: Астындағы қымбат көлігін сатып, екі ұлына 6 млн теңгеге аспап сатып әперген ер адам елді сүйсінтті

Екі баласының болашағы үшін астындағы қымбат көлігін сатып, оларға музыкалық аспап сыйлаған жомарт әке көпті сүйсінтті.

  • 24 Мамыр 2023
  • 47
Фото - Caravan.kz

Ол «Жаңа қадам» бағдарламасының қонағы болған, деп хабарлайды Caravan.kz.

Ер адамның айтуынша балалардың болашағы үшін, ақша аямаған жөн екен.

«Бір күні балам бірінші орын алып келіп отыр. Бірақ баланың көңілінде қаяу бар. Бірінші орын алдым, бірақ жанымдағы бала 60 мың доллардың домбырасымен мақтанып отыр, ал жаңағы баланың қолында 300 мыңның домбырасы бар екен. Сосын күлдім, айттым балам тарта бер, алып беремін дедім. Бірақ баянның сондай қымбат екенін білмеппін. Баянның бағасы 1 млн 800 мың екен. Сосын апайы хабарласып: «Балаларыңыз өсіп қалды, баян алу керек» деді. Мен: «Жарайды, алып беремін» дедім. Апайынан сосын келіп сұрасам, 3,5 млн. теңгенің баянын алып беріңіз деді. Сол кезде менің астымда «Лексус» көлігі еді. Бір адам сұрап жүр еді, «Сатасыз ба?» деп. Сөйтіп екі баян, екі домбыра алдым. Cөйтіп 6 млн. теңге ақшаға екі баян, екі домбыра алдым. Содан кейінгі балаларымның көзіндегі отты көрсең? Тек 1 млн теңгеге екеуіне екі домбыра әпердім. Содан ұлым: «Әке жаяу қалдың» дейді. Мені қойшы, Алла өзі реттейді, бастысы сендер мені жерге қаратпаңдар дедім», — деп түсіндірді ол.

Көпшілік ер адамның бұл әрекетіне сүйсінген. Олар: «Қандай жомарт әке, кейбіреулер ақшасы болса да, бермейді», «Қолында акшасы бола тұра,”не қыласың?!”-деп алып бермейтін әкелерге үлгі болатын әке екен, сол балаларының жемісін көрсін», «Керемет әке! Болмайтын затты ысырап деп отыратын каншама әкелер бар» деп жазды олар.


Соңғы жаңалықтар