Тұрғындар қатты жер сілкінісінің салдарымен желіде бөлісіп жатыр, деп хабарлайды Caravan.kz. медиа порталы.
ТЖМ мәліметінше, таңғы 10.22-де болған жер сілкінісінің афтершогы бұл жолы қатты сезілмеген. Жерасты дүмпуінің ошағы Алматыдан 255 шақырымда, Қытай аумағында болған. Оның магнитудасы 5.3 балды құраған. Алматыдағы жер сілкінісі 2 балл шамасында сезілген.
Жер сілкінісін эстрада жұлдыздары да сезген. Ерке Есмахан бұл жайлы өзінің желідегі парақшасында мәлімдеді.
"Алла сақтасын. 9-шы қабатта тұрамыз, қатты сезілді. Шай, тамақ ішіп отырған едік, столымыз шайқалды. Бисмиллядан басқа ештеңе айта алмай қалдық. Алла жар болсын" деп жазды ол.