«Алланың құдыреті»: Түркияда зілзаладан кейін 384 сағат өткен соң 90 жастағы әже мен оның 70-тегі ұлы үйінді астынан аман табылды - kaz.caravan.kz
  • $ 510.81
  • 578.59
+16 °C
Алматы
2025 Жыл
31 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Алланың құдыреті»: Түркияда зілзаладан кейін 384 сағат өткен соң 90 жастағы әже мен оның 70-тегі ұлы үйінді астынан аман табылды

«Алланың құдыреті»: Түркияда зілзаладан кейін 384 сағат өткен соң 90 жастағы әже мен оның 70-тегі ұлы үйінді астынан аман табылды

Түркиядағы жер сілкінісіне қатысты таңғажайып оқиғалар әлі де жалғасуда. Осылайша желіде Түркияда зілзаладан кейін 384 сағат өткен соң 90 жастағы әже мен оның 70-тегі ұлы үйінді астынан аман табылғаны туралы ақпарат тарады, деп хабарлайды Caravan.kz тілшісі.

  • 22 Ақпан 2023
  • 12
Фото - Caravan.kz

Желідегі жазбада әзірге әжей мен оның ұлының Түркияның қай аумағынан табылғаны туралы нақты ақпарат ұсынылмаған. Десе де онда:

«Түркияда зілзаладан кейін 384 сағат өткен соң 90 жастағы әже мен оның 70-тегі ұлы үйінді астынан аман табылды» деп жазған автор.

Желі қолданушылары аталған оқиғаны құдайдың құдыретіне балаған. Олар:

«Көрер жарығың болса, өмір сүресің деген осы шығар», «Алла Тағаланың құдыреті», «Әжеміз жүз жасасын, жасын ұрпақтарына берсін», «Адам сенгісіз жағдай, аман болсын түрік бауырларымыз, ешкімге мұндай қасыретті бермесін» деп жазды олар.