"Аллергияның ауыр түрі": Сірке суы арқылы қан қысымын түсірмек болған әйел өлім аузынан қалды - kaz.caravan.kz
  • $ 522.63
  • 548.66
-1 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Аллергияның ауыр түрі": Сірке суы арқылы қан қысымын түсірмек болған әйел өлім аузынан қалды

"Аллергияның ауыр түрі": Сірке суы арқылы қан қысымын түсірмек болған әйел өлім аузынан қалды

Қан қысымын интернеттегі кеңестер арқылы түсірмек болған шымкенттік әйел анафилактикалық шокқа түскен.

  • 19 Желтоқсан
  • 34
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Шымкент қалалық №2 ауруханасының бас дәрігері Бақытжан Позилов Instagram желісіндегі парақшасында оқиғаның мән-жайын баяндаған.

«53 жасар әйел қан қысымын төмендету үшін интернеттегі кеңестерге сүйеніп, «куркума» мен «алма сірке суын» (яблочный уксус) ішкен. Нәтижесінде, анафилактикалық шокқа түсіп, өте ауыр жағдайда ауруханаға жеткізілді. Диагнозы: Лайелла синдромы – аллергиялық буллёзды дерматиттің ең ауыр түрі. Науқас 2 күн бойы өте ауыр жағдайда жатты, бүгін ғана есін жинады.

Құрметті достар, халықтық емдеу әдістері кейде тиімсіз болып, денсаулығыңызға үлкен зиян келтіруі мүмкін.
Сақ болыңыздар, бұл науқас аман қалды…», — деп жазды ол.