«Алма-Ата – менің алғашқы махаббатым» фестивалінің тақырыбы бұрынғылардан өзгеше болады - kaz.caravan.kz
  • $ 515.02
  • 604.22
-4 °C
Алматы
2025 Жыл
22 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Алма-Ата – менің алғашқы махаббатым» фестивалінің тақырыбы бұрынғылардан өзгеше болады

«Алма-Ата – менің алғашқы махаббатым» фестивалінің тақырыбы бұрынғылардан өзгеше болады

«Алма-Ата – менің алғашқы махаббатым» фестивалі биыл Қазақстан тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналады, деп хабарлайды ұйымдастырушылар.

  • 13 Қыркүйек 2011
  • 760
Фото - Caravan.kz

«Бізді өткен фестивальдармен салыстырудың қажеті жоқ, біз басқа боламыз. Бұл фестивальдің тақырыбы – Қазақстан тәуелсіздігінің 20 жылдығы», — деп хабарлады фестивальдің бас продюссері Айжан Батырова сейсенбі күні баспасөз мәслихатында.

Биыл фестиваль «Сұңқар» халықаралық шаңғы трамплиндері кешенінде өтеді. Фестивальдің музыкалық редакторы Жанна Сабырованың айтуынша, концерттік бағдарламаның ауысуына байланысты фестивальді өткізу формасы да өзгерді.

«Бұрынғы фестивальдарда Кеңес одағы кезіндегі әндер айтылса, биылғы жылы елімізбен бірге өскен біздің әртістеріміз өз әндерімізді айтады. 90-шы, 2000-шы жылдардың әндері айтылады», — деді ол.

«Біздің өзіміздің 20 жылдық тарихымыз бар, біз сол тарихқа енген өз әндеріміз бен өз топтарымыз бар. «Ар-клуб», Нұрлан мен Мұрат, «Рахат Лукум», Рахат Тұрлыханов – осылардың бәрі сахнаға шығады», — деп толықтырды фестивальдің жүргізушісі Айгүл Мукей.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, эстрада топтарының алғашқы құрамдары фестиваль үшін арнайы жиналады.

«Біз ескі ұжымдарды жинау міндетін қойғанда, музыканттардың сахнаға шығуға қуана келіскендеріне таң қалдым. Алайда бұл фестивальда 20 жыл бұрынғы ескі фонограммалар болмайды. Мысалы, «Ар-клуб» тобы, белгілі продюсер Әділ Жамбакиев пен Руслан Тохтахунов өз әндерін қайта жазды. Осы фестивальда бұл топтар қайтадан құрылатын шығар, кім біледі», — деді Ж.Сабырова.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, музыкалық бағдарлама түрлі жастағы көрермендер үшін қызықты болады.

«Біз музыкалық материалды 20 жастағылардан 40 жастағыларға дейін ұнайтындай – Парвиз Назаровтан «Тату» тобына дейін іріктедік. Біз ескі фестивальді жаңаша көрсетуге тырыстық», — деді А.Батырова.

«Алма-Ата – менің алғашқы махаббатым» фестивалінің арнайы қонағы — Филипп Киркоров.

«Шоу-индустриямен айналысатын адам ретінде айтарым, Филипп Киркоров сияқты жұмыс істейтіндер саусақпен санарлық. Ол көрсететін көрініс көрермендердің көңілінен шығады, ал онған концерттен берілген уақыт Филипп Бедросовичке бар өнерін ашып көрсетуге мүмкіндік береді деп ойлаймын», — деп бөлісті қоюшы-режиссер, ресейлік Лев Шелогуров.

Сондай-ақ, ол фестивальға қатысу ұсынысы Алла Пугачеваға да жіберілгенін айтты.

«Өкінішке орай, ол халық алдында ән айтуды қойғандықтан, берген сөзінен қайтқысы келмеді. Қазір Алла Борисовна шынымен де ән айтпай жүр, ол әншілік карьерасында үзіліс жариялады», — деп түсіндірді Л.Шелогуров әншінің бас тарту себебін.

Дегенмен, Л.Шелогуровтың пікірінше, бағдарлама мазмұнды болады.

«Алаң заманауи сценографияның көптеген амалдарын пайдалануға мүмкіндік береді, ұйымдастырушылар көрермендерді визуалды безендіру деңгейінде де, арнайы эффектілер деңгейінде де таң қалдыруды жоспарлап отыр», — деді ол.

Концерт шамамен 5 жарым сағатқа жалғасады. Бағдарлама 50 номерден тұрады, оның ішінде 2 оркестр, 5 музыкалық және 5 би топтары өнер көрсетеді, жарық шоуы да қарастырылған. Жаңбыр жауа қалған жағдайға деп әр көрерменге кіре берісте фирмалық жамылғы беріледі.

«Небәрі 600 адам сиятын «Алатау» шипажайында өткен бұрынғы фестивальдармен салыстырғанда, бұл стадионға 4500 көрермен сияды, тағы 1000-ын би алаңына шығаруды жоспарлап отырмыз. Бүгінгі күнге дейін билеттердің 70% сатылды», — деп хабарлады А.Батырова.

Еске сала кетейік, «Алма-Ата- менің алғашқы махаббатым!» музыкалық ретро-фестивалі биыл осымен 12-ші рет өткізіледі. Бірінші фестиваль 1999-шы жылы өткізілді. Оны өткізу ойын Дариға Назарбаева ұсынған.

Перейти к новостям спорта