Тіпті, сол кездері арам сумен дос болғанын да жасырмады, деп хабарлайды Caravan.kz медиа-порталы Stan.kz сайтына сілтеме жасап.
"Бауыржан шоу" театры тараған соі рухани күйзеліске кіріп кеттім. Қазақстандағы белді театр жәй ғана жоқ болып кетті. Басқа қайда барасың? “Тамашаға” бара алмайсың, себебі ол кездері “Бауыржан шоудан” төмен тұрды. “Шаншарға” бара алмайсың, өздерінің жігіттері бар, оның үстіне Шымкентке бару керек болды. Той көп болды, мен асабалық қызметте жүрдім. Бір тойға 3-4 мың доллар аласың. Жұма сайын 2-3 той болады. Ақша бар, киім бар, тамағың тоқ, бірақ мида ешқандай жұмыс жоқ. Сөйтіп іше бастадым. Апталап үйге келмейтінмін. Асаба боолсаң ештеңе ойламайсың, костюм шалбарыңды кидің, тойын өткіздің ақшаңды алдың, кеттің. 3 мың доллар саған бір айға жетеді, ал сен жұмасына 2-3 той өткізесің. Мен жатып алып, апталап ішкен жоқпын. Тойға барамын сонда бірінші үстел үстіндегі араққа көзім түсетін. Тойымды жақсы өткіземін. Бірақ бір тойда екі бөтелке арақ ішіп қоятынмын. Ішкенде салынып, жан-жағымды жайпап, лақтырып, сындырып, үйдегіні сатқан жоқпын. Менде бәрі өз орнымен болатын. Ақшамды тауып келемін, сол ақшаға өзім ішемін. Достарым көп болды, үйге де ақша беріп отырдым”, – дейді Алмат Сақатов.
Актерді күйзелістен кинодағы рөлі алып шыққан.
“Сөйтіп жүрген кезде Ақан Сатаевтың жанындағы Жайна Абдиева деген режиссермен кездестік. Ол маған хабарласып: “Қарашаңырақ” деген сериал түсіреміз. Сондағы бір рөлге сізді шақырайық деп едік” деді. Жиналып, жуынып, шәйініп, сценарийді оқып қарасам ұсынған рөл маған келеді екен. Солай “Қарашаңырақ” сериалына түстім. Түсірілім ақпан айында басталып, тамыз айында аяқталды. Сонда менің қыдыруға, демалуға уақытым болмады. Киноның не екенін мен сонда көрдім, ғашық болдым. Сөйтіп мен күйзелістен шықтым”, – дейді актер.