Алматы-3 вокзалының алғашқы жобасы қашан дайын болады - kaz.caravan.kz
  • $ 494.87
  • 520.65
+3 °C
Алматы
2024 Жыл
21 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы-3 вокзалының алғашқы жобасы қашан дайын болады

Алматы-3 вокзалының алғашқы жобасы қашан дайын болады

2023 жылы Алматы қаласының бас жоспары бекітілді. Онда жаңа теміржол вокзалы – Алматы-3 вокзалының құрылысы қарастырылған. Kazinform тілшісі жаңа нысанға байланысты Алматы қаласы Қалалық мобилділік басқармасына сауал жолдап, вокзал құрылысы қазір қандай сатыда екенін сұрады. 

  • 14 Қараша
  • 10
ФОТО: Нейрожелі ұсынған

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы kazinform.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Қалалық мобилділік басқарма басшысының орынбасары Асан Бостановтың айтуынша, қазіргі уақытта жаңа вокзалдың техникалық-экономикалық негіздемесі әзірленіп жатыр.

– Басқарма «Алматы-3 теміржол вокзалының құрылысы» техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеу бойынша жұмыстар жүргізуде. Шартқа сәйкес жұмыстардың аяқталу мерзімі – 2025 жылдың қаңтар айы. Жобаның техникалық және қаржылық параметрлері, оның ішінде нақты құны, қаржыландыру көзі, іске асыру мерзімі, мемлекеттік қолдау шаралары, инвестициялар көлемі техникалық-экономикалық негіздеме әзірленгеннен кейін белгілі болады, — деді ол.

Басқарма жауабына сәйкес, Алматы-3 теміржол вокзалының құрылысы «Мәдениет» шағын ауданынындағы Аруана көшесінің батысында қарастырылған. 

Сондай-ақ Асан Бостанов қазіргі уақытта Алматы-1,2 теміржол вокзалдарын және оған тиесілі аумақты жөндеу мен абаттандыру жұмыстары алдағы уақытта жоспарланбағанын атап өтті. 

Айта кеткен жөн, Алматы-1, Алматы-2 теміржол вокзалдары және оған тиесілі аймақ «ҚТЖ» АҚ-ның Алматы магистральдық бөлімшесінен 2019 жылдың 26 маусымында Алматы қаласының мемлекеттік активтер басқармасына берілген болатын. Кейін қос вокзал Алматы қаласы Қалалық мобилділік басқармасына бекітілді.