Жарияланды: 520

Алматы: 5 жасар бала циркті сотқа беріп, Т30 мың өтемақы алды

Қазақстанда 5 жасар бала тұтынушылардың құқықтарын бұзған циркті сотқа беріп, жеңіп шықты, деп мәлім етті құқық қорғаушы Денис Әлімбеков.

Еске сала кетейік, цирк жарнамасында арыстан мен жолбарыс өнер көрсетеді деп жариялаған, бірақ олардың ауырып қалғаны туралы көрермендерді уақытында ескертпеген. «Алматы қалалық сотының кассациялық алқасы 1-ші және 2-ші инстанциядағы шешімдердің күшін жойып, жаңа шешім шығарып, моральдық залал үшін ақша төлеуге міндеттеді», - деді Д. Әлімбеков дүйсенбі күні телефон арқылы. Оның айтуынша, сот амалы жарты жыл бұрын өткен. Арыз бойынша жауапкер ретінде Қазақ мемлекеттік циркі тартылып отыр. Баланың анасы Ирина Головинаның айтуынша, қойылым 19 желтоқсанда өткен, ол кезде арыстан 2 желтоқсаннан бері ауырып жатқан, ұйымдастырушылар көрермендерге аңдардың өнер көрсетпейтіні туралы уақытында ескерту мүмкіндіктері болған. Женя Т30 мың көлемінде ақшалай өтемақы алды. «Мәселе ақшада емес, заңда бәрінен де биік тұратын әділдікте»,- дейді баланың анасы. «Ұлым арыстан мен жолбарыстың суреті салынған жарнаманы көре сала, билет алуымды өтінді. Мен сатып алдым, ал циркке келгенде, біз ақша шығындаған аңдардың өнерін тамашалай алмадық», - дейді ол.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін