Алматы: адам ұрлап, ақша бопсалаумен айналысқан қылмыстық топ құрықталды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+21 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы: адам ұрлап, ақша бопсалаумен айналысқан қылмыстық топ құрықталды

Алматы: адам ұрлап, ақша бопсалаумен айналысқан қылмыстық топ құрықталды

Алматыда адам ұрлап, ақша бопсалаумен айналысқан қылмыстық топ құрықталды. Оңай олжаға кенелеміз деген  бес күдікті Түркиядан келген кәсіпкерді ұрып-соғып, туыстарынан 22 млн. теңге талап еткен.

  • 25 Маусым 2011
  • 445
Фото - Caravan.kz


Кәсіпкер елімізге мамыр айының басында ғана келіпті. Қылмыстық топ мүшелері оны бірнеше күн торуылдап, ақыры көліктеріне күштеп мінгізіп ұрлап кеткен. Сосын қаладан 150 шақырым жердегі  Еңбекшіқазақ ауданына қарасты Нұра ауылына апарыпқамап қойған. Түркия азаматының амандығы үшін ақша талап еткендерді туыстарының арызы бойынша тәртіп сақшылары көп ұзамай анықтады. Қарақшылардың жетекшісі бұған дейін де осындай қылмысы үшін бірнеше рет қылмыстық жауапқа тартылыпты. Арнайы операция барысында күдіктілердің барлығы қамауға алынып, кепілде болған шетелдік аман-есен босатылды.

Соңғы жаңалықтар