АЛМАТЫ. 1-ақпан. Kazakhstan Today. Алматы аймақтық қаржы орталығы инфроқұрылымының құрылысы 2010 жылы аяқталады деп күтілуде. Бұл туралы бүгін «Әлемдік капитал нарығының бірігуі» атты орта азиялық инвестициялық мәслихатта Алматы аймақтық қаржы орталығының қызметін реттеу жөніндегі агенттіктің төрағасы Аркен Арыстанов мәлімдеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.
А. Арыстанов, инфрақұрылым нысанының құрылысы үшін Алматыдағы Әл-Фараби даңғылынан жер бөлінгенін атап өтті. «Қазіргі уақытта «аталмыш кешеннің жобасын жасау және құрылысы бойынша» «Capital Partners» компаниясымен келісім жасалды»,- деді ол.
«Құрылыстың аяқталу мерзімі — 2010 жыл деп жоспарлануда»,- деді А. Арыстанов.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті