Жарияланды: 360

Алматы әкімдігі экологиялық нормаға сәйкес келмейтін автомобильдердің қатарын шектейтін болады

Алматы әкімдігі экологиялық нормаға сәйкес келмейтін автомобильдердің қатарын шектейтін болады

ҚР Президенті Алматы қаласының 2013 жылы көлікті дамыту жөніндегі бағдарламасын қолдады. Бұл туралы шаһар басшысы Ахметжан Есімов бүгін мегаполистің көліктік құрылымын жетілдіру жөніндегі жиында айтты.

«Біздің ендігі басты міндетіміз - жұмысты оңтайлы ұйымдастыру. Бюджет есебінен экологиялық қосындар үшін 56 қондырғы сатып алдық. Полиция қызметкерлері жұмысының ашық әрі жариялы болуы үшін көпшілікті бұл іске кеңінен тартып, видеофиксациясы бар камераларды барлық қосындарға орнату қажет»,- деді А. Есімов. Қала әкімінің айтуынша, автовокзалдардағы автопарк алаңдары жаңа автобустармен қамтамасыз етіледі. Олар жолаушыларды қаланың орталығы мен метро станцияларына дейін жеткізетін болады. Қала қонақтары Алматыға кіре беріс жерге өз көліктерін қалдырып, әрі қарай қоғамдық көліктерге отырады. Жақын арада қалаға кіре беріс жерлерде 13 экологиялық пост құрылады. Ахметжан Есімовтің сөзіне қарағанда, олардың басты міндеті - қалаға кіретін көліктің залалдылығын тексеру. Тексеруден өте алмай қалған автомобильдер қалаға кіре алмайды. Статистика мәліметтеріне жүгінсек, қазір Алматыға күн сайын сырттан 200 мыңға жуық автомобиль келеді екен. Енді Алматыға кіретін жерде 4 автовокзал салынып, бұлардың әрқайсында сыйымдылығы 5 мың орындық көлік тұрақтары жұмыс істемек. Бұл қалааралық автобустар мен автокөліктердің бір бөлігінің қалаға кіруін азайтады. Онда шаһар басшысы құзырлы органдарға бір айдың ішінде автовокзалдар салынатын жерлерді анықтауды, осыдан кейін қажетті заңды процедураларға кірісуді тапсырды.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін