Алматы әкімдігі феминистер шеруін өткізуге рұқсат етті - kaz.caravan.kz
  • $ 498.51
  • 522.84
+1 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы әкімдігі феминистер шеруін өткізуге рұқсат етті

Алматы әкімдігі феминистер шеруін өткізуге рұқсат етті

Алматы әкімдігі 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні  көшеде арнайы марш өткізуге рұқсат берген көрінеді.

  • 15 Ақпан 2021
  • 131
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы әйелдер маршын ұйымдастырушы топтардың бірі Feminita әлеумттік желідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды, Caravan.kz медиа порталы. 

Аталған парақшада былай деп жазылған: 

Әйел маршына кеттік!

Енді ресми түрде! Бүгін Алматы қаласы әкімшілігі ұйымдастырушы Эйри мен Жамила сұраған 8 Наурыз күні митинг пен шеру өткізу өтініміне келісім берді!

Бұл 2021 жылғы Әйел маршын өткізуге ынталанған ұйымдар: Feminita, «КазФем», «Фемсреда», ОФ «SVET» и FemAgora.

Дегенмен, бейбіт шеру туралы заң бойынша шеру мен митинг өткізуге рұқсат жерлер санаулы. Соған орай, осы жылғы шара жоспары былай:

— Ганди паркінен бастап Шевченко көшесімен жүретін шеруге 12:00 жиналамыз.

— Уәлиханов скверіндегі митинг 15:00 де басталады


Жақын арада біз митингке қажетті заттарға краундфандинг ашамыз: осы жылы біз неғұрлым көп қатысушы жинап, мықты плакат-баннер көптеп басып, шеруді ауқымды және жарқын жасауды жоспарлап отырмыз. Кейінірек, біз жүру ережелерін, ең күшті плакатты қалай жасауды және біздің флешмобқа қалай қатысуды айтып өтеміз.

Осы күнді белгілеп қойыңыз да, құрбы-құрдасқа бөлісіңіз!

Басқа қалалардағы құрбылардың Әйел маршына шығуға мүмкіншілігі мен ынтасы болатынына үміттенеміз!

Біз маршта тағы да бірге жиналып, көрісуге мүмкіншілік туындағанына өте қуаныштымыз!