Алматы әкімдігі марқұм желтоқсаншының отбасын далада қалдырмауға уәде етті - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+8 °C
Алматы
2026 Жыл
24 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы әкімдігі марқұм  желтоқсаншының отбасын далада қалдырмауға уәде етті

Алматы әкімдігі марқұм желтоқсаншының отбасын далада қалдырмауға уәде етті

Жоқшылықтың азабын тартып келген желтоқсаншының отбасына ақыры биліктің назары ауғандай. 86-ның қаһармандарының бірі, марқұм Ертай Көпесбаевтың жесірін Алматы әкімдігі пәтер кезегіне тіркеуге уәде берді.

  • 8 Сәуiр 2015
  • 276
Фото - Caravan.kz

Бүгін бір топ желтоқсаншы әлі күнге үйсіз жүргендердің жағдайын айтып, Алматы әкімдігіне келген. Әзірге тек Көпесбаевтың жесірінің мәселесі ғана шешіліп қалуы мүмкін. Яғни, екі баласымен кісі есігін сығалап жүрген – Айбаршын үй кезігіне тіркелетін болды. Кедейліктің тауқыметін тартып отырған Ертай Көпесбаев отбасы жайында өткен аптада айтқан едік. Ол – Халық қаһарманы Қайрат Рысқұлбековпен бірге сотталған желтоқсаншының бірі. 91-ші жылы ақталып, түрмеден босатылған. Өкінішке қарай, ол биыл ақпан айында жүрек сырқатынан көз жұмды. 14 жыл бұрын Талғар қаласында жер кезегіне тұрған екен. Бірақ қайтыс болғаннан кейін жесірі мен жетімдері тізімнен алынып тасталған. 

Айбаршын Көпесбаева, желтоқсаншының жесірі:

-Қалалық әкімнің орынбасарының қабылдауында болдым. Пәтер кезегіне қоятын болды. Құжаттарымның жинап, келуіме байланысты.