Алматы әкімдігі қаланың коммуналдық банкін құруды ұсынды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы әкімдігі қаланың коммуналдық банкін құруды ұсынды

Алматы әкімдігі қаланың коммуналдық банкін құруды ұсынды

Алматы әкімдігі қаланың коммуналдық банкін құруды ұсынады, деп мәлім етті Алматы әкімі Ахметжан Есімов.

  • 27 Маусым 2011
  • 468
Фото - Caravan.kz

«Бұл жобада (ел үкіметіне ұсынылған «Алматының ерекше статусы туралы» заңын өзгерту – ҚазТАГ) Алматының коммуналдық банкін құру қарастырылған. Ол қалалық бағдарламаларды қаржыландыратын еді… Сондай-ақ, онда қаланың коммуналдық кәсіпорындарының есепшоттарын ұстауға болады», — деді А. Есімов жұма күні брифингте.

Алайда коммуналдық банкті құру туралы ұсыныс әзірге үкіметке өткен жоқ, деді ол.

«Бұл ұсыныс әзірге үкімет тарапынан қолдау тапқан жоқ, бірақ бұл парламенттегі жұмыс болады», — деді А. Есімов.

Алматы банкі әмбебап банк болады деп болжанып отыр.

ҚР Ұлттық банкінің қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау және қадағалау комитетінің мәліметтеріне сәйкес, ҚР банк жүйесінде 2011 жылдың 1 маусымындағы жағдай бойынша, 39 екінші деңгейлі банк болған.

Соңғы жаңалықтар