Жарияланды: 460

Алматы әкімдігі жолаушылар көлігінің бағыттық желісін оңтайландыру бойынша зерттеу жүргізуге конкурс жариялады

Алматы әкімдігі қаладағы жолаушылар көлігінің бағыттық желісін оңтайландыру бойынша зерттеу жүргізуге конкурс жариялады, деп мәлім етті журналистерге қалалық жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары басқармасы бастығының орынбасары Асқар Тойбаев.

«Жыл соңына дейін бізге (әкімдік - ҚазТАГ) жолаушылар көлігінің бағыттық желісін оңтайландыру бойынша кеңестер енгізілуге тиіс. Конкурс шілде айында өткізіледі. Жұмыстарға Т74 млн бөлінді», - деп мәлім етті А. Тойбаев бейсенбі күні брифингте. Зерттеудің мақсаты – Алматыдағы жолаушылар ағынының жалпы көрсеткіштерін нақтылау, қазіргі бағыттардың тиімділігін анықтау, бағыттарды қаланың жаңа аудандарына байланыстыру, қайталанатын бағыттарды анықтау. Сондай-ақ, оңтайландыру метро, жеңіл рельсті көлік (ЖРК) сияқты көліктің жаңа түрлерін ескере отырып, қаладағы үздік көлік құрылымын анықтап, муниципалды автобус және троллейбус парктерін дамытуға тиіс. «2012 жылы біз ЖРК бойынша пилоттық жобаны іске қосуды жоспарлап отырмыз. Бастапқыда ол Төле би көшесімен ғана жүреді. Бірақ жеңіл рельсті көліктің жылдамдығы жедел артады. Біз жолаушылар түзілетін маңызды аялдамаларды анықтауға тиіспіз. Ондай аялдамалардың саны 10-ға дейін қысқартылады. Бұл бізге бағыттық автобустар желісін ЖРТ аялдамаларына қосуға мүмкіндік береді», - деді А. Тойбаев. Қазіргі уақытта Алматыда 113 автобус бағыттарына қызмет көрсететін 27 тасымалдаушы бар. Қалада барлығы 2 мың автобус бар.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін