Жоғары оқу орындарында оқу үшін бөлінген грант сомасы 6 миллион теңге, деп хабарлайды қала әкімнің баспасөз қызметі.
Грантқа ие болғандар — балалар үйінің тәрбиеленушілері, ата-анасының бірі жоқ отбасылардың балалары, сондай-ақ мүгедектер. Гранттар қала бюджетінде қарастырылған қаражат есебінен беріледі.
Қала әкімінің гранттары Елбасының халыққа Жолдауын жүзеге асыру мақсатында, сондай-ақ жас таланттарды мемлекеттік қолдау, мүгедек, асыраушысы жоқ, жағдай нашар отбасылардың балаларын әлеуметтік және құқығын қорғау кепілдігін жүзеге асыру мақсатында беріліп отыр.