Алматы әкімі 15 түлекке грант бөлді - kaz.caravan.kz
  • $ 448.56
  • 478.03
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
16 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы әкімі 15 түлекке грант бөлді

Алматы әкімі 15 түлекке грант бөлді

Алматылық 15 мектеп бітіруші түлек Алматы қаласы әкімінің білім грантына ие болды.

  • 13 Маусым 2011
  • 412
Фото - Caravan.kz

Жоғары оқу орындарында оқу үшін бөлінген грант сомасы 6 миллион теңге, деп хабарлайды қала әкімнің баспасөз қызметі.

Грантқа ие болғандар — балалар үйінің тәрбиеленушілері, ата-анасының бірі жоқ отбасылардың балалары, сондай-ақ мүгедектер. Гранттар қала бюджетінде қарастырылған қаражат есебінен беріледі.

Қала әкімінің гранттары Елбасының халыққа Жолдауын жүзеге асыру мақсатында, сондай-ақ жас таланттарды мемлекеттік қолдау, мүгедек, асыраушысы жоқ, жағдай нашар отбасылардың балаларын әлеуметтік және құқығын қорғау кепілдігін жүзеге асыру мақсатында беріліп отыр.

Соңғы жаңалықтар