Алматы әкімі 7-Қысқы Азия ойындарын өткізу жөніндегі қалалық дирекцияның штабында болды - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-1 °C
Алматы
2025 Жыл
20 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы әкімі 7-Қысқы Азия ойындарын өткізу жөніндегі қалалық дирекцияның штабында болды

Алматы әкімі 7-Қысқы Азия ойындарын өткізу жөніндегі қалалық дирекцияның штабында болды

Бүгін Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов 7-Қысқы Азия ойындарын өткізу жөніндегі қалалық дирекцияның штабында болып, еріктілер қызметінің дайындығымен, баспасөз орталығы және штабтың жалпы ұйымдастыру жұмысымен танысты.

  • 17 Қаңтар 2011
  • 451
Фото - Caravan.kz

А.Есімовке еріктілердің тиісті жұмыс барысында киетін киім үлгілері мен кәдесый өнімдері көрсетілді. Қазіргі таңда қысқы Азия ойындарын өткізуге Алматы бойынша 2400 ерікті таңдалған. Олар қонақтар мен Азиадаға қатысушылар болатын барлық алты спорт нысаны мен әуежайда, теміржол вокзалы және қонақүйлерде жұмыс істейтін болады.

Сондай-ақ еріктілер қоғамдық тамақтану, медициналық қызмет көрсету, допингке қарсы тексеріс, спорттық шаралар, спортшыларға жол нұсқау сияқты 13 бағыт бойынша жұмыс істейді. Барлық еріктілерге қажетті жарақтар, тегін тамақ пен қауіпсіздіктері қамтылған. Жақын күндері еріктілерге арналған шаралар өтеді.

Қала әкiмi Азиада кезінде баспасөз орталығы пен штабтың үйлестiру жұмыстарын жіті бақылауды тапсырды.


Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера