Алматы әкімі Ахметжан Есімов Ингушетия Республикасының басшысы Юнус-Бек Евкуровпен кездесті - kaz.caravan.kz
  • $ 443.44
  • 480.51
+21 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы әкімі Ахметжан Есімов Ингушетия Республикасының басшысы Юнус-Бек Евкуровпен кездесті

Алматы әкімі Ахметжан Есімов Ингушетия Республикасының басшысы Юнус-Бек Евкуровпен кездесті

Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов Ингушетия Республикасының басшысы Юнус-Бек Евкуровпен кездесті, деп хабарлады қала әкімінің баспасөз қызметінен.

  • 23 Қараша 2012
  • 322
Фото - Caravan.kz

А. Есімов кездесу барысында мегаполисте ингуш диаспорасының салмақты саны — 3,5 мың адам тұратындығын және олар Алматының әлеуметтік-экономикалық дамуының барлық саласына белсенді қатысатындығын атап өтті.

«Алматы республикалық бюджетке салықтардың 29% пайызын беретін — еліміздің экономикалық, мәдени орталығы. Қала экономикасы қарқынды дамуда, олардың арасында Алматының Индустриалды аймағы, «Көк жайлау» тау-шаңғы курорты бар, бұларда жаңа заманауи жобаларды жүзеге асыруға әбден болады» — деді Ахметжан Есімов.

«Елдеріміз арасында жасалған Кедендік одақ экономикалық тиімділік пен инвесторлар үшін пайда әкелуде. Солтүстік Кавказ федералды округын, соның ішінде Ингушетияны дамыту бойынша мүмкіндігіміз мол. Біз болашақта мәдени ғана емес, сонымен қатар экономикалық бағыттар бойынша да өзара іс-қимыл мен ықпалдастықты нығайтуды жалғастыратын боламыз» , — деп атап өтті Юнус-Бек Евкуров.

Ингушетия басшысы Алматыға Ингушетия Республикасының құрылғанына 20 жыл толуына арналған бизнес- форумға қатысу үшін келді. Бұл оның Алматыға екінші сапары, алғаш рет 2009 жылы келген болатын.

Кездесу соңында Юнус-Бек Евкуров Алматы әкімі Ахметжан Есімовке Ингушетия Республикасының Құрмет грамотасын табыс етті.

Соңғы жаңалықтар