Алматы әкімі Бостандық ауданында "Оптомаркет Арзан" сауда орталығының ашылуына қатысты
Алматы. 3 қараша. "Қазақстан Бүгін" - Алматы әкімі Ахметжан Есімов сенбі күні Бостандық ауданында "Оптомаркет Арзан" сауда орталығының ашылуына қатысты, деп хабарлайды агенттік тілшісі қалалық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. |
Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Бостандық ауданында "Оптомаркет Арзан" сауда орны ашылды. Аталған дүкен Өтепов пен Каблуков көшелерінің қиылысына орналасқан.
Бұл - "Cash and Carry" жүйесі бойынша жұмыс істейтін екінші сауда орны. Бірінші оптомаркет 2008 жылдың 6 шілдесінде Алатау ауданында ашылған болатын, мұндай оптомаркеттер бағаның өсуіне қарсы күрестің бір құралы болып табылады.
"Қалада инфляцияны ауыздықтау бойынша нақтылы жұмыстар жүруде. Соның ішінде ең бастысы - азық- түлік тауарларының сауда орындарына еш делдалсыз, тікелей жеткізілуі. Өздеріңіз көріп тұрсыздар, оптомаркеттерде баға қаланың өзге дүкендерімен салыстырғанда 20-30 пайызға төмен. Болашақта әр ауданда "Арзан" жүйесімен істейтін дүкендер ашылатын болады"-, деді қала әкімі Ахметжан Есімов.
Жаңа сауда орнын ашудағы басты мақсат - ҚР-ының президенті алға қойған инфляцияны ауыздықтау, азық - түлік тауарларының бағасын төмендету туралы міндеттерді жүзеге асыру.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін