Алматы әкімі Бостандық ауданында "Оптомаркет Арзан" сауда орталығының ашылуына қатысты - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы әкімі Бостандық ауданында "Оптомаркет Арзан" сауда орталығының ашылуына қатысты

Алматы әкімі Бостандық ауданында "Оптомаркет Арзан" сауда орталығының ашылуына қатысты

Алматы. 3 қараша. "Қазақстан Бүгін" - Алматы әкімі Ахметжан Есімов сенбі күні Бостандық ауданында "Оптомаркет Арзан" сауда орталығының ашылуына қатысты, деп хабарлайды агенттік тілшісі қалалық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

  • 3 Қараша 2008
  • 673
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Бостандық ауданында «Оптомаркет Арзан» сауда орны ашылды. Аталған дүкен Өтепов пен Каблуков көшелерінің қиылысына орналасқан.

Бұл — «Cash and Carry» жүйесі бойынша жұмыс істейтін екінші сауда орны. Бірінші оптомаркет 2008 жылдың 6 шілдесінде Алатау ауданында ашылған болатын, мұндай оптомаркеттер бағаның өсуіне қарсы күрестің бір құралы болып табылады.

«Қалада инфляцияны ауыздықтау бойынша нақтылы жұмыстар жүруде. Соның ішінде ең бастысы — азық- түлік тауарларының сауда орындарына еш делдалсыз, тікелей жеткізілуі. Өздеріңіз көріп тұрсыздар, оптомаркеттерде баға қаланың өзге дүкендерімен салыстырғанда 20-30 пайызға төмен. Болашақта әр ауданда «Арзан» жүйесімен істейтін дүкендер ашылатын болады»-, деді қала әкімі Ахметжан Есімов.

Жаңа сауда орнын ашудағы басты мақсат — ҚР-ының президенті алға қойған инфляцияны ауыздықтау, азық — түлік тауарларының бағасын төмендету туралы міндеттерді жүзеге асыру.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар