Алматы әкімі Бүкіләлемдік туристік ұйымның Еуропа аймақтық өкілін қабылдады - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+15 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы әкімі Бүкіләлемдік туристік ұйымның Еуропа аймақтық өкілін қабылдады

Алматы әкімі Бүкіләлемдік туристік ұйымның Еуропа аймақтық өкілін қабылдады

Бүгін, 21-сәуірде Алматы қаласының әкімі Виктор Храпунов Бүкіләлемдік туристік ұйымның Еуропа аймақтық өкілі Луиджи Кабриниді қабылдады,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 21 Сәуiр 2004
  • 481
Фото - Caravan.kz

Қабылдау барысында В.Храпунов Алматыда туристік ұйымдардың іс-қызметін пәрмендендіруге, Алматы мен қала төңірегіндегі бірегей табиғи кешеннің мүмкіндіктерін ескеру негізінде отандық және шетелдік туристерге арналған жаңа туристік сапар бағыттарын айқындауды көздейтін мақсатты шаралар жүзеге асырылып жатқанын атап өтті.

Л.Кабрини «KITF — Туризм және жиҺанкездік» тақырыбындағы көрмеге қатысу үшін Алматыға келіп отыр. Биыл туризм саласының әлемге танымал майталмандары мен 10 мыңнан астам қарапайым қатысушы бұл көрмені тамашалайды деп күтілуде.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, көрме өзара сауда-экономикалық байланыстар аясын кеңейтуге, іскерлік әлем өкілдерінің туризм саласының мүмкіндіктеріне инвестициялық қызығушылығын арттыруға мүмкіндік беріп, Қазақстанда туристік инфрақұрылымды дамытуға сүбелі үлес қосады деген үміт бар. Сондай-ақ, ол туризм саласындағы халықаралық байланыстар аясын кеңейтуге, халықаралық туристік рынокте еліміз бен Алматының оңды бет-әлпетін қалыптастыруға, Алматыда шетелдік туристерді қабылдау аясын кеңейтуге және ішкі туризмді дамытуға бағытталған іс-шараларды пәрмендендіруге жәрдемдеспек.
Кездесу соңында В.Храпунов Л.Кабриниге қазақ ұлттық шапаны мен бөрікті елімізден ескерткіш ретінде тарту етті.

Соңғы жаңалықтар