Алматы әкімі «Hyundai» компаниясының делегаттарымен кездесті - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы әкімі «Hyundai» компаниясының делегаттарымен кездесті

Алматы әкімі «Hyundai» компаниясының делегаттарымен кездесті

Бүгін Алматыда қала әкімі Ахметжан Есімов «Hyundai Rotem» президенті Ли Мин Хо бастап келген «Hyundai» компаниясының делегаттарымен кездесті.

  • 8 Маусым 2011
  • 414
Фото - Caravan.kz

Кездесу барысында Ахметжан Есімов елімізде тұңғыш рет метро салынып жатқандығын атап өтті. Бұл Алматы қаласының ең ірі жобасы. Сондықтан аталмыш нысанның құрылысына қоғам, ел басшысы, саяси және қоғамдық ұйымдардың тарапынан ерекше көңіл бөлінуде. Жобаға негізгі әріптестер таңдауда ерекше назар аударылды. Әр түрлі компаниялардан ұсыныстар көп түскен болатын.

«Біз қала тұрғындары мен Елбасына биылғы жылы ел тәуелсіздігінің 20 жылдығы қарсаңында 1-ші желтоқсан күні метро қолданысқа беріледі деп уәде бердік. Үкімет тарапынан барлық қажетті қаражаттар бөлініп, құрылысты іске асыру бойынша нақты жұмыс кестесі жасалды. Бір сөзбен айтқанда, билік метроға байланысты барлық сұрақтарды шешті. Біздің сіздермен әріптестігіміз жемісті жүріп жатқанына қуаныштымыз. Соның арқасында, метро құрылысы соңғы кезеңдерге келіп жетті»,-деді А.Есімов.

Өз кезегінде «Hyundai Rotem» президенті Ли Мин Хо: «Корея жағы метроның дәл уақытында қолданысқа берілетіндігіне бар күшін салады. Біздің компания үшін де бұл маңызды жоба болып табылады. Сондықтан, біз бұл жобағы үлкен назар аударамыз және жіті бақылауда ұстап отырмыз. Менің өзім бұл жобаға үлкен жауапкершілікпен қарап отырмын. Біздің жылжымалы құрам және метроға қажетті құрал-жабдықтар жетістікпен іске асып, Алматы метросы ТМД аумағында ең жақсы метролардың бірі болатынына үміттенемін»,-деді.

Соңғы жаңалықтар