Алматы әкімі "Қалқаман" метро станциясының құрылыс жұмыстарын тексерді - kaz.caravan.kz
  • $ 499.65
  • 582.89
+4 °C
Алматы
2025 Жыл
5 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы әкімі "Қалқаман" метро станциясының құрылыс жұмыстарын тексерді

Алматы әкімі "Қалқаман" метро станциясының құрылыс жұмыстарын тексерді

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды "Қалқаман" метро бекетінің және оған іргелес тоннельдердің құрылыс жұмыстарын тексерді

  • 3 Желтоқсан
  • 5
ФОТО: Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Zakon.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Алматы әкімдігінің хабарлауынша, сол жақтағы тоннельде рельстер төселіп, жарықтандыру, кабель тарту, су құбыры мен дренаж жүргізу, инженерлік жабдықтарға арналған кронштейндер орнату жұмысы аяқталды.

Алдағы кезеңде бейнебақылау, дауыс хабарлау жүйесі, өрт және күзет дабылдарын монтаждау жоспарланған.

«Оң жақ тоннельде қазу жұмысының негізгі бөлігі аяқталды. Бекет аумағында монолитті құрылымдар бойынша жұмыс соңғы кезеңде. Сонымен қатар әрлеу, коммуникациялар тарту және жабдықты орнатуға дайындық жүріп жатыр. Құрылыс тәулік бойы жүргізілуде, нысанда 478-ден астам маман жұмыс істейді», — делінген хабарламада.

Әкім жұмыстың сапасы мен белгіленген мерзімді қатаң сақтау қажет екенін айтты.

Перейти к новостям спорта