Алматы әкімі "Көк-Жайлау" курортының құрылысын кейінге қалдыруды ұсынды - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы әкімі "Көк-Жайлау" курортының құрылысын кейінге қалдыруды ұсынды

Алматы әкімі "Көк-Жайлау" курортының құрылысын кейінге қалдыруды ұсынды

8 сәуірде Алматыда қалалық қоғамдық кеңестің отырысы өтті. Кеңес отырысында қала әкімі Бауыржан Байбек Алматы қаласының тұрғындарының қызығушылығын тудырған мәселелер жайлы айтты.

  • 8 Сәуiр 2019
  • 30
Фото - Caravan.kz

"Үш жыл ішінде Қоғамдық кеңес өзін тиімді орган ретінде белгіледі. Қоғамдық кеңес мүшелерінің қатысуымен ең маңызды шешімдер қабылданды. Кеңестің қағидаттық ұстанымына байланысты екі стансаның мәселесі шешілуде", — деп атап өтті мегаполис басшысы Бауыржан Байбек.

Қала басшысы Алматы қаласының қоғамдық кеңесі еліміздің назарын аударғанын атап өтті. Бұдан басқа бұл — KPI жеке мониторинг жүйесін құрған жалғыз азаматтық орган екенін айтты, деп жазады Zakon.kz.

Бауыржан Байбек кеңестің барлық мүшелеріне және оның төрағасы Рахман Алшановқа алғыс айтып, алғыс хаттар табыс етті.

Кеңестің екінші шақыру жұмысы биыл басталды. Қатысушылардың жартысынан астамы жаңартылды. Қоғамдық кеңестің құрамына кіруге ниет білдірген көптеген адамдар болған. Үш адам бір орынға таласты.

"Бізде үлкен міндеттер тұр. Елбасымыздың әлеуметтік бастамаларын жүзеге асыру, президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың халықтың әл-ауқатын жақсарту жөніндегі тапсырмасы бар. Біз Алматы қаласының 2020 жылға дейінгі даму бағдарламасын тиімді жүзеге асыруды қамтамасыз етуіміз керек", — деді әкім.

Атап айтқанда, жиында туризмнің дамуы және ашық бюджетті қалыптастырудың жаңа тәсілдері туралы айтылды.

"Алматыда экотуризм дамып келеді. Алматы таулы кластеріне ерекше назар аударылады. 439,5 млрд. теңге инвестиция бөлінді. 456 км шаңғы трассасы салынады. Бұл бөктерлердің ағымдағы ұзындығынан 8,5 есе артық", — деп мәлімдеді Алматы туризм басқармасының бастығы Мақсат Киқымов.

Сондай-ақ, жаяу жүргіншілер жолдарының, тау велосипед жолдарының және ат трассаларының саны артуы мүмкін.

Жиыда "Көк-Жайлау" құрылысы туралы мәселе сөз болды.

"2012 жылы "Көк-Жайлау" аумағында 252 мың шаршы метрді құрайтын урбандалған халықаралық тау шаңғысы курортын құру жоспарланған. Алайда талқылаудан кейін 19,4 мың шаршы метрді урбанизациялай отыра қаладағы тәуліктік курортты құру туралы шешім қабылданды. "Іле-Алатау" ұлттық паркіне 100 гектар жерді қайтару туралы шешім қабылданды", — деп атап өтті Максат Киқымов.


Қаланың басшысы оған жауап ретінде таулы аудандарда жаяу серуендеу керек екенін айтты. Себебі таулы жерге көлікпен кіруге тыйым салынғалы бері онда баратын адам саны артты. Байбек "Көк Жайлау" құрылысын тоқтата тұруды ұсынды.

"Таулар — біздің басты бәсекелестік артықшылығымыз, сондықтан оны пайдалануымыз қажет. Австриялық сарапшылардың айтуынша, 7-10 жыл ішінде оны жүзеге асыруға 1,5 миллиард доллар жұмсап, экономикаға жыл сайын 2 миллиард доллар табыс әкелуге болады. Бұл өте маңызды, 20 мыңнан астам жұмыс орны құрылады. Сонымен бірге, біз экономиканың, қоғамның және экологияның теңгерімін сақтауымыз керек, яғни қоршаған ортаға минималды әсер ететін заманауи курорттар құруға тиіспіз. Менің ойымша, барлық сараптамалық пікірлерді және перспективаларын ескеру қажет. Сондықтан жобаны аяқтауды және уақытты кейінге қалдыруды ұсынамын. Сонымен қатар, сарапшылардың пікірінше, бар курорттарды дамыту кем дегенде 3-5 жылда жүзеге асады. Осы уақыт ішінде біз қажетті тәжірибені жинақтап, персоналды дайындаймыз. Курорттардың тұрғындары мен қонақтарының пікірлерін зерттейміз. Тек содан кейін  "Көк-Жайлау" тау курортын салуды бастаймыз », — деді Бауыржан Байбек. 

Соңғы жаңалықтар