Өз кезегінде қала басшысы ең алдымен аудан тұрғындарының қажеттілігін ескере отырып, жұмсалатын шығындарды барынша оңтайландыруды ұсынды.
«Бірінше кезекте әлеуметтік нысандардың құрылысы, жол, электр энергиясымен, сумен, көгілдір отынмен қамту тұруы керек. Сондай-ақ, мұнда жалпы білім беретін мектептер, емханалар жоқтың қасы. Біздің жұмысымыздың басты мақсаты аудан тұрғындарының қажеттілігін қанағаттандыру болуы керек», — деді ол.
Бауыржан Байбек жаңа жұмыс орындарын ашу үшін инвестор тарту жұмыстарын жалғастыра беруге кеңес берді.
Шаһар басшысы Алматының бас жоспарымен танысып, Универсиадаға дайындық туралы есепті тыңдады.