Caravan Logo

Алматы әкімі Наурызбай ауданын дамытудың басты бағыттарын белгіледі

Алматы әкімі Наурызбай ауданын дамытудың басты бағыттарын белгіледі

Өз кезегінде қала басшысы ең алдымен аудан тұрғындарының қажеттілігін ескере отырып, жұмсалатын шығындарды барынша оңтайландыруды ұсынды.

 «Бірінше кезекте әлеуметтік нысандардың құрылысы, жол, электр энергиясымен, сумен, көгілдір отынмен қамту тұруы керек. Сондай-ақ, мұнда жалпы білім беретін мектептер, емханалар жоқтың қасы. Біздің жұмысымыздың басты мақсаты  аудан тұрғындарының қажеттілігін қанағаттандыру болуы керек», - деді ол.

Бауыржан Байбек жаңа жұмыс орындарын ашу үшін инвестор тарту жұмыстарын жалғастыра беруге кеңес берді.


Шаһар басшысы Алматының бас жоспарымен танысып, Универсиадаға дайындық туралы есепті тыңдады.