Дәстүрлі велошеруден кейін әкім әлем чемпионын кезекті жеңісімен құттықтап, оған көлік кілтін табыстады.
Сонымен бірге спортшыға 1 миллион теңгенің сертификаты мен қаладағы танымал фитнес-клубтардың біріне жылдық тегін абонемент берілді. Сондай-ақ Назымның жеке бапкері Жұмабек Өмірзақовқа да екі дүркін әлем чемпионын тәрбиелегені үшін миллион теңге табыс етілді.