«Кездесу барысында Алматыны дамытудың өзекті мәселелері талқыланды. Оның ішінде жаңа жол айырымдарын , метрополитеннің екінші кезегін салу мәселесі талқыланды», делінген елбасының баспасөз қызметінен таралған хабарламада.
А.Есімов президентке қаланы әлеуметтік жаңалаудың келешегі туралы және бюджет қаржысын тиімді пайдалану жөніндегі шаралар туралы айтып берді.
Кездесу нәтижелері бойынша Н.Назарбаев қаланы әлеуметтік-экономикалық дамыту бойынша нақты тапсырмалар берді.