Алматы әкімі қала ардагерлерін Халықаралық қарт адамдар күнімен құттықтады - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы әкімі қала ардагерлерін Халықаралық қарт адамдар күнімен құттықтады

Алматы әкімі қала ардагерлерін Халықаралық қарт адамдар күнімен құттықтады

Алматы. 1 қазан. "Қазақстан Бүгін" - Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов бүгін қаланың ардагерлер қауымы өкілдерімен кездесіп, оларды Халықаралық қарт адамдар күнімен құттықтады, деп хабарлайды агенттік тілшісі әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

  • 1 Қазан 2008
  • 1340
Фото - Caravan.kz

Ахметжан Есімов қалалық ардагерлер Кеңесінің мүшелерімен ардагерлерге қатысты маңызды мәселелерді сөз етіп, қалада, жалпы елімізде қарт адамдардың әлеуметтік жағынан қорғалуына кеңінен тоқталды.

Алматы зейнеткерлері өз тараптарынан қала басшылығына өз ойларын жеткізіп, жұмыстарына табыс тіледі. Кеңесті республикалық бюджет есебінен қаржыландыру, қалалық төлемдерді алу, аудандарда осындай төлемдерді беретін орталықтар ашу, ардагерлер мен зейнеткерлерге қызмет көрсететін бөлімшелерді қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына беру туралы айтылды. Ардагерлер қала әкіміне өздеріне көрсетіліп жатқан қамқорлық, қолдау үшін алғыстарын білдірді.

Кездесу барысында қала әкімі қаланың тиісті орындарына, аудан әкімдіктеріне айтылған мәселелердің бәрін дер кезінде жүзеге асыруды тапсырып, республикалық деңгейдегі мәселелерді Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігімен бірлесіп шешетіндігін айтты.

«Сіздердің еліміздің өркендеуіне қосқан үлестеріңіз орасан зор. Қазіргі кезде қала активімен де үлкен жұмыстар жүргізудесіздер. Алматыдағы жағдай тұрақты, мұнда сіздердің де үлестеріңіз бар» ,- деді Ахметжан Есімов.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, сондай-ақ, бүгін Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов Қарттар үйінде болды. Кездесу барысында әкім зейнеткерлерді Халықаралық қарттар күнімен құттықтады. Олармен бірге қаладағы қарт жандардың өміріне қатысты мәселелерді талқылады. Қала басшылығы тарапынан көрсетіліп отырған қамқорлық үшін ардагерлер әкімге алғыс айтты.Қарттар үйіне жалпы сомасы 2 млн. теңге болатын бағалы сыйлықтар табыс етілді.

Биыл Халықаралық қарт адамдар күніне орай Алматы қаласында арнайы айлық өтіп, оған барлық аудандар белсене араласатын болады. «Қарт адам айлығы» барысында түрлі деңгейдегі көпшілік шаралары өтеді. Мұнда барлық еңбек ұжымдары, ардагерлер қозғалысы, қала жұртшылығы ұйымшылдық танытады

Жыл сайын қала басшылығы тарапынан қарт адамдарға, мүгедектерге, зейнеткерлер мен ардагерлерге әлеуметтік бағытта көмек көрсетіледі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар